Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Республикасының президенті туралы» конституциялық заңы
Ақорданың мәліметінше, заң Қазақстан Республикасы президентінің құқықтық мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы вице-президентінің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
«Заңның басты жаңалығы – вице-президент институтының құрылуы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша вице-президент мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында оның мүдделерін білдіреді және президент айқындаған міндеттерді орындайды», – делінген хабарламада.