Теміржолшы пікір үшін оқушыларға
Петропавл қаласында 36 жастағы ер адам Instagram желісіндегі пікірлерге байланысты туындаған жанжалдан кейін екі жасөспірімге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, ол ит үйрету видеосына сол маңайда тұратын мектеп оқушылары жағымсыз пікір жазды деп ойлаған.
Кейін белгілі болғандай, жасөспірімдердің бұл пікірлерге ешқандай қатысы болмаған және олар әлгі азаматты мүлде танымайтын болып шықты.
Сот ер адамның әрекетін пышақ қолдану арқылы жасалған бұзақылық деп танып, оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.