Түркістан облысында 8 айлық сәбиді аман алып қалу үшін құтқарушылар тікұшақпен Шымкентке жеткізді

Автор: Асыл Арман

Сәби мен оның анасы Шымкент қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді

Фото: istockphoto.com

ТЖМ тікұшағы Түркістан облысындағы Шолаққорған ауылынан 8 айлық сәбиді Шымкентке жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұшу барысында құтқарушылар санитариялық авиация бригадасымен бірлесіп, сәбидің және оның анасының жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Нәтижесінде бала мен оның анасы Шымкент қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы кез келген төтенше жағдайда жедел әрекет етуге дайын», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.