Желіні Ақпарат министрлігі қолдап отыр
Қазақстанда телеграм-бот іске қосылды, оның көмегімен пайдаланушылар, COVID-19 бойынша Қоғамдық бақылау тобына хабарламалар жібере алады, деп хабарлайды Ақпарат министрлігі.
«Осы сервистің көмегімен қоғам белсенділері санитарлық нормалар мен карантиндік шаралардың бұзылуы туралы хабарламалар, медициналық мекемелердің жұмысына шағымдар және медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар алатын болады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық бақылау тобы – азаматтық бастама, оның мақсаттары: дәрігерлердің жұмыс жағдайына мониторинг жасау және медициналық мекемелерде пациенттерді емдеу, гуманитарлық көмекті бөлуге мониторинг жасау, пандемия жағдайында әлеуметтік және медициналық көмек алуда азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылау.
Қоғамдық бақылау Қазақстанның барлық облыстарында іске қосылып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауына ие болды.