03.06.2026, 11:43
Жаңалықтар
Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болды
Ол осыған дейін де Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен
Фото: Ақорда
Президент Әкімшілігі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Ол 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2002 жылы заң мамандығы бойынша «Тұран» университетін, 2018 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын «Executive MBA» бағдарламасы бойынша оқу бітірген.
- 2002-2005 жылдары Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек еткен.
- 2005-2019 жылдары Премьер-министр кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді: 2012 жылға дейін Заң бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушінің орынбасары, 2012-2013 жылдары Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2013-2019 жылдары Заң бөлімінің меңгерушісі, 2019 жылғы шілде-қазан аралығында Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
- 2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
- 2022 жылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобына жетекшілік етті.
- 2023 жылғы 1 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
- 2025-2026 жылдары Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары болды.
- 2026 жылы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі болды.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 11:43
Алдын-ала кесте: 2027 жылы Рамазан айы сегізінші ақпанда басталып, сегізінші наурызда бітеді
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды