Қазақстан Ұлттық банкінің 2 маусымға белгіленген ресми доллар бағамы белгілі болды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 493,15 теңгені құрап, 3,59 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 2 маусымға белгіленген ресми доллар бағамы – 488,96 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 491,76 теңге, сату бағамы – 494,36 теңге. Астанада долларды орта есеппен 488,99 теңгеден сатып алып, 495,99 теңгеден сатуда. Ал Шымкент қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 491,86 теңге болса, сату бағамы 493,93 теңгені құрайды.