Жамбыл облысында әскери дрон апатты жағдайда қонды: Қорғаныс министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады

Автор: Асыл Арман

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

Фото: Қорғаныс министрлігі

Жамбыл облысында әскери дрон апатқа ұшырады. Шұғыл жағдайға қатысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, 2 маусым күні ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы Талас ауданының аумағына штаттан тыс қонды.

«Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп болған жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аумақты тексеру және оқиғаның себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.