150-ден аса адамды алдаған қызылордалық сотталып тынды: ол 12 млн теңге жымқырған

Автор: Асыл Арман

Ол қазақстандықтарды салған ақшаларын еселеп қайтаратынын айтып алдаған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қызылорда қаласының 32 жастағы тұрғыны интернет арқылы жасаған алаяқтығы үшін сот үкімімен 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адам 2024 жылы бір топ сыбайласымен «Instagram» әлеуметтік желісінде «Dake.87089241173» деп аталатын жалған парақша ашқан. Сол арқылы бөтен адамдардың жеке деректерін пайдаланып, қазақстандықтарды «Салған ақшаларын еселеп қайтарамын» деп алдап, «1XBETKZ» букмекерлік кеңсесі мен «Wooppay Wallet» төлем жүйесі арқылы жәбірленушілердің қаражатын иемденген.

Нәтижесінде республика бойынша 154 адам алданып, 12 млн жуық теңге ұрлаған.

«Басты сот талқылауында сотталған кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген мүліктік залалды толығымен өтеуіне байланысты оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалған. Бүгінгі күні сотталған адам тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда жазасын өтеп жатыр. Үкім заңды күшіне енген», – делінген прокуратура хабарламасында.