Шектеу шаралары 3 тамызға дейін күшінде болады
Солтүстік Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес өңірде жұма, сенбі, жексенбі күндері карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бұл күндері өңірдегі барлық тамақтану орындары жұмысын уақытша тоқтатады. Азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді сататын нысандардан басқа сауда орындарының барлығы жабылады. Ал сенбі-жексенбі күндері Петропавл қаласы мен аудандарға қатынайтын қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады», - деп жазылған қаулыда.
Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақталмаеандықтан, бұл шектеу шаралары 24, 25 ,26, 31 шілде мен 1, 2 тамыз күндеріне күшінде болады.