29.05.2026, 15:49
Жаңалықтар
Нариман Құрбанов Словениядағы Challenge Cup кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты
Финалда екі қазақстандық өнер көрсететін болды
Фото: ҰОК
Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі өтіп, оның алғашқы іріктеу күні аяқталды. Іріктеу нәтижесі бойынша екі қазақстандық финалға жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰОК мәліметінше, ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов 14,900 ұпай жинап, финалдық кезеңге бірінші орынмен шықты.
Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін сынға түсетін болды. Отандасымыз іріктеу кезеңінде төрешілердің шешімімен 14,266 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.
Сақиналардағы жаттығуда Роман Маменов 13-орынмен жарысты аяқтады.
Айта кетейік, турнирдің финалдық бәсекелері 30 мамырда басталады.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды