Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр
Ақорда Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатқаны туралы арнайы хабарлама жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Мәртебелі меймандарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.