Синоптиктердің болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
«30-31 мамыр күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел күтіледі. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Ел бойынша желдің күшеюі болжанады, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін», – делінген ауа райы болжамында.
Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасы батыста +20…+25°С-қа дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта +23…+38°С-қа дейін, ал оңтүстікте +30…+40°С-қа дейін жоғарылайды.