Оқыс оқиға Атырау қаласының Өркен ықшамауданында болды
Атырау көшелерінде электр сымы жерге дейін салбырап тұр. Маңайынан велосипедпен өтіп бара жатқан бүлдіршін сүрініп құлап, оңбай жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, оқыс оқиға Өркен ықшамауданында болған. Белгілі болғандай, велосипедпен келе жатқан жасөспірім салбырап тұрған электр сымын байқамай, ілініп қалған. Салдарынан сүрініп құлап, жарақат алған. Оқиға орнына тиісті қызмет мамандары шақырылған.
Тұрғындар қауіпті электр желілерін уақытылы ретке келтіруді талап етіп отыр.
Оқиғаға қатысты Атырау қаласының әкімдігі ресми түсініктеме берді.
«Мекемеге тапсырма берілді. Қалпына келтіру жұмысын жүргізеді», – деп қала әкімдігі оқиғаға қатысты қысқаша пікір білдірді.