Жалақысыз қалған Шайдоров: Еңбек министрлігі Олимпиада чемпионының шағымына қатысты пікір білдірді

Автор: Аягөз Құрмаш

Оның жалақы төлемі бойынша өтініш түспеген

Фото: ҰОК; Сали Сабиров

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жалақы ала алмай жүргеніне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Оның айтуынша, ведомство бұл жағдай туралы әлеуметтік желілерден ғана білген және әзірге ресми өтініш түспеген.

«Мен мұны таңертең көрдім. Бұл Туризм және спорт министрлігінің құзыретіне жатады. Бізге оның жалақы төлемі бойынша ешқандай өтініш түскен жоқ», – деді вице-министр журналистерге жалпы отырыстың кулуарында.

Сондай-ақ ол министрлік ресми өтінішсіз араласа ала ма деген сұраққа жауап берді.

«Бұл мәселені зерттеу керек, жалақы не себепті төленбей отырғанын түсіну қажет. Нақты ақпарат жоқ. Әзірге ешнәрсе айта алмаймын», – деді Ербол Тұяқбаев.