Жағымсыз оқиға 24 мамыр күні Дөненбаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болды
Қостанай облысында сот көшенің қақ ортасында болған төбелес бойынша істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Дөненбаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болған. Қостанай облыстық сотының мәліметінше, екі ер адам арасындағы жанжал 24 мамырда сағат 16:00 шамасында болған. Соттың мәліметі бойынша, төбелескендер қоғамдық орында жанжал шығарып, тәртіп бұзған.
Сонымен қатар, ер адамдардың бірі жанжал кезінде бейсбол сойылын қолданып, боқауыз сөздер айтқан.
Сотта екеуі де өз кінәларын мойындады. Іс материалдарын полиция хаттамалары, куәгерлер мен қатысушылардың түсініктемелері, сондай-ақ Instagram-да жарияланған видеожазба дәлелдеді. Сот екеуін де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 60 550 теңге көлемінде айыппұл салды.
Қаулылар әлі заңды күшіне енген жоқ.