Найзағай, жаңбыр, жел: 28 мамырға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейіп, екпіні қатты болуы мүмкін.

Найзағай, жаңбыр, жел: 28 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com

28 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында, батысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Ең салқын ауа райы батыс пен солтүстік өңірлерде күтіледі. Кей аймақтарда күндіз ауа температурасы +17…+21 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +19…+21°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +23…+25°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +23…+25°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде аздаған жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +17…+19°C.

Атырауда бұлтты ауа райы болады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.

Қарағандыда бұлтты ауа райы болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел соғуы мүмкін. Күндіз жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +18…+20°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +20…+22°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.

Қостанайда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +19…+21°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел тұруы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +23…+25°C.

Семейде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Түнде аздаған жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +24…+26°C.

Таразда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел тұруы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +27…+29°C.

Оралда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C.