28 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ел аумағындағы ауа райын солтүстік-батыс циклонының атмосфералық фронттары анықтайды

Фото: © istockphoto.com

Алдағы тәулікке арналған ауа райы болжамы жарияланды. Мамандардың мәліметінше, 2026 жылғы 28 мамырда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталып, найзағай ойнап, өткінші нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ел аумағындағы ауа райын солтүстік-батыс циклонының атмосфералық фронттары анықтайды. Осыған байланысты синоптиктер республика бойынша нөсер жаңбыр мен найзағай болатынын болжап отыр. Кей жерлерде бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұруы ықтимал. Ал оңтүстік-батыс өңірлерде түнде және таңертең тұман күтіледі. Сонымен қатар, республиканың көптеген өңірінде желдің күшеюі күтіледі. Мамандар азаматтарға дауыл кезінде сақ болуды ескертеді.

Ауа райының құбылмалылығына қарамастан, еліміздің бірқатар өңірінде құрғақшылыққа байланысты өрт қаупі сақталады.

Жоғары өрт қаупі бар өңірлер:

Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу, Абай, Батыс Қазақстан, Манғыстау, Атырау, Қостанай, Ақмола,Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аумағы.

Төтенше өрт қаупі күтілетін өңірлер:

Қызылорда мен Қарағандының оңтүстігі мен солтүстігі, Маңғыстаудың солтүстік-шығысы, Атыраудың орталығы, Ақтөбенің оңтүстігі, Павлодардың солтүстік-шығысы, сондай-ақ Түркістан облысының солтүстігі мен Ақмола облысының оңтүстік-шығыс аумақтары.