Президент МАГАТЭ-нің басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гроссиді арнайы орденмен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Рафаэль Гроссиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады», – деп жазды Ақорда.
Айта кетейік, осыған дейін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдағаны хабарланған.