2, 3, 7, 8 және 9-сыныптар: Сүлейменова Конституцияға байланысты, күзде кімдер жаңа оқулық алатынын мәлім етті

Автор: Аягөз Құрмаш

Бес сыныпта оқу бағдарламасы өзгереді

Фото: istockphoto.com

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметтегі баспасөз конференциясында биыл жаңа Конституцияға сәйкес қай сыныптардың оқулықтары жаңаратынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір бізде білім беру мазмұнын жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтарына сәйкес жаңарып жатыр. Биыл екінші, үшінші, жетінші, сегізінші және тоғызыншы сыныптардың оқулықтары жаңарады. Бұл жоспарға сәйкес жүрі жатыр. Сонымен қатар білім беру мазмұны да қайта қаралып жатыр. Қазірг мемлекеттік стандартты қайта қарап жатырмыз. Соның ішінде «Қазақстан географиясы» пәніне қосымша екі сағат беріледі. Оның аясында жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары енеді», - деді ол.

Сүлейменованың айтуынша, президенттің Жарлығына сай, бұдан бөлек, жасанды интеллект те мектеп бағдарламасына енеді.

«Осыған байланысты 1-4-сыныптарда «Жасанды интеллект және цифрлық сауаттылық» бағыты болады. Бұған дейін цифрлық сауаттылық пәні болған, енді оған 12 сағат көлемінде жаңа тақырыптар мен жаңа мақсаттар енеді.  Сондай-ақ бесінші-тоғызыншы сыныптарда «Цифрлық сауаттылық және информатика» пәндері аясында жаңа тақырыптар, жаңа мақсаттар және бақылау жұмыстарына қатысты жаңа тәсілдер енеді», - деді Сүлейменова.