ТЖМ қызметкері MMA бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық құтқарушы Талшын Жұматаева ММА спортынан Азия чемпионатына қатысып, қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
20-26 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында AMMA MMA бойынша Азия чемпионаты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Талшын Жұматаева Мұтанқызы қола медаль жеңіп алып, Қазақстанның намысын халықаралық спорт аренасында лайықты деңгейде қорғадв.