Путин Қазақстанға үш күнге келеді: екі ел арасында қандай мәселелер талқыланады

Автор: Асыл Арман

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-29 мамыр күндері Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.