Қазақстанда көктемнің соңғы аптасында ауа райы қандай болады

Автор: Асыл Арман

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда көктемнің соңғы аптасында ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, мамыр айының соңғы аптасы Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады – жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

«27 мамырда еліміздің батысында, 27-28 мамырда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында, 28 мамырда солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады», – делінген синоптиктердің болжамында.

26-27 мамыр түндерінде елдің шығысында 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Температуралық фон біртіндеп төмендейді: күндіз батыста +16…+28°С, солтүстікте және орталықта +18…+25°С, шығыста +23…+30°С, ал оңтүстікте +20…+27°С болады.