Синоптиктердің алдын ала болжамына сәйкес, маусым айында еліміздің бірнеше өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Атмосфералық қуаңшылық күтілетін аймақтар:
- Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жанкелдин аудандарында;
- Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;
- Қарағанды облысында – Шет ауданында;
- Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;
- Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
- Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
- Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
- Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;
- Алматы облысында – Жамбыл ауданында;
- Жетісу облысында – Алакөл ауданында;
- Жамбыл облысында – Талас ауданында;
- Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласында.
«Аталған аудандарда жергілікті қуаңшылықтың пайда болу ықтималдығы жоғары», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.