24.05.2026, 18:44
Жаңалықтар
Елордадағы көпқабатты үйлердің бірінде балкон өртенді
Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр
Фото: ТЖМ
Астана қаласының Нұра ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты. Көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтердің балконы тұтанған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдай Сығанақ көшесінің бойында орналасқан тұрғын үй кешенінде болды. Куәгерлер балконнан шыққан қою түтінді көріп, бірден құтқару қызметіне қоңырау шалған.
«Шақырту орнына жедел жеткен құтқарушылар тілсіз жаудың пәтер ішіне таралуына жол бермей, өртті жылдам ауыздықтады», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен күйік алғандар жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы