Құтқарушылар оқиға орнына 4 минут ішінде жеткен
Тараз қаласында қозғалыс көп жолдардың бірінде жеңіл автокөлік кенеттен тұтанып, өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына санаулы минутта жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға Тараз қаласындағы Аппасов көшесінің бойында болған. Жол ортасында кетіп бара жатқан жеңіл көліктен от шыққан соң, куәгерлер бірден құтқару қызметіне хабар берген.
«Өрт сөндірушілер шақырту орнына 4 минут ішінде жетіп, тұтанған жалынды жедел түрде ауыздықтады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен күйік алғандар жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Осы оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.