Олар Азия біріншілігінде жартылай финалға дейін жетті
Қазақстан құрамасы таеквондодан Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Елдар Бірімбай қола медаль иеленді. Азия чемпионатының жартылай финалында Бірімбай ирандық Әмір Бахтияримен кездесті. Иран өкілі жекпе-жекте 2:0 есебімен басым түсті.
Сол сияқты 54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов те үздік үштіктен көрінген болатын.
73 келіге дейінгі салмақта Назым Махмұтова қола жүлдені қанағат тұтты. Отандасымыз жартылай финалда Қытай өкілі Сун Цземен кездесті. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша қытайлық таеквондошы 2:1 есебімен жеңіске жетті.