Әзірге өлімнің себебі белгісіз
Арқалық қаласындағы су айдындарының бірінен жас қыздың мәйіті табылды. Полиция мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Сондай-ақ облыстық полиция департаменті тұрғындарды қауесет таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Ал жергілікті пабликтерде оқиғаның түрлі нұсқалары талқыланып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары қыз өліміне қатысты зорлық-зомбылық болуы мүмкін деген және өзге де болжамдарын айтып жатыр.