Жаңбыр, бұршақ, үсік: Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады

Автор: Асыл Арман

Синоптиктердің алдағы үш күнге арналған болжамы жарияланды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліністердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады, ал елдің шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.

23 мамыр күні Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел соғуы мүмкін, 24-25 мамырда түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Қалған аумақтарда ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

«Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі күтіледі. Түнде елдің солтүстік-шығысында, шығысында және орталығында 1-3 градус үсік жүреді. Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанады: батыста 28-35 жылыға дейін, солтүстікте, орталықта 20-32 жылыға дейін, шығыста 17-25 жылыға дейін, оңтүстікте 22-35 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 20-28 жылыға дейін жетеді», – делінген «Қазгидромет» болжамында.