Нобель сыйлығына лауреаттар есімі қазан айының 5-і мен 12-сі аралығында жарияланады
Нобель сыйлығын табыстаудың салтанатты рәсімі қашықтан өтеді, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл туралы «Нобель» қоры мәлімдеді. Басты себеп – коронавирус пандемиясы. Бұған дейін салтанатты шараға әлем елдерінен жабық ғимаратқа 1 мыңнан аса ғалым жиналушы еді. Қор өкілдерінің мәлімдеуінше, бүгінгідей індет өршіген уақытта мұндай жиын өткізу қауіпті әрі ақылға қонымсыз болмақ. Сондықтан рәсім онлайн форматта ұйымдастырлады. Күні 10 желтоқсанға жоспарланды.