Жекелеген нормалар арқылы нотариалдық электрондық архивті құру тәртібі бекітіледі
Мәжіліс Парламент депутаттары әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат нотариат саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әзірлеушілер атап өткендей, Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына негізделген қазіргі бақылау тетігі нотариаттың жария құқықтық мәртебесін ескермейді. Осыған байланысты тексерулердің негіздері мен рәсімдерін айқындай отырып, сондай-ақ әділет органдарының өкілеттіктерін кеңейте отырып, мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібін тікелей «Нотариат туралы» заңда бекіту ұсынылып отыр.
Түзетулермен нотариустың лицензиясының қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрудың қосымша негіздері енгізіледі. Мұндай шаралар нотариус тарапынан «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заң бұзылған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның қолданысы мынадай кезеңдерге тоқтатыла тұрады:
Сондай-ақ заң жобасында электрондық құжатқа және электронды цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын бұзғаны үшін нотариустарды лицензиясынан айыру ұсынылады.
Жекелеген нормалар арқылы нотариалдық электрондық архивті құру тәртібі бекітіледі. Нотариат қызметімен айналысу құқығына лицензиясы бар, бірақ бес және одан да көп жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс істемеген адамдар үшін міндетті түрде біліктілікті арттыру тәртібі енгізіледі.