Абай облысында кейуана зиратқа барған соң адасып, жоғалып кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Кейуананы іздеу үшін полиция арнайы дронды қолданды

Фото: Видеодан скрин

Абай облысында 68 жастағы әжей зиратқа барғаннан кейін адасып, жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 102 арнасына жас жігіттен 68 жастағы туысының жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Оның айтуынша, отбасы зиратқа шамамен сағат 15:00-де келген, содан кейін тәтесі жоғалып кеткен. Екі сағат бойы өз бетінше іздегенмен таба алмаған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмысын ұйымдастырды. Зират аумағын тексеру үшін дрон көтеріліп, қызметкерлер жергілікті аумақты әуеден шолып шықты. Алайда зират аумағынан әйел табылмаған.

Кейінгі жедел іс-шаралар барысында полицейлер әйелдің жолай өткен көлікпен қалаға кетіп қалғанын анықтады. Қызметкерлер ұялы телефон деректерін талдау арқылы оның нақты орналасқан жерін анықтады.

«Әйел табылды. Оның жағдайы жақсы. Абай облысы Полиция департаменті еске салады: адам жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет», – делінген ПД хабарламасында.