Қазақстанда күн суытады: кей өңірлерде үсік жүруі мүмкін

Автор: Асыл Арман

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде елімізде күн райы суытатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мамандардың мәліметінше, қысқа мерзімді жылынудан кейін Қазақстан аумағына кезекті суық антициклон ығыса бастайды. Суық ауа массаларын алып келетін атмосфералық құбылыс алдымен елдің солтүстік өңірлеріне, кейін шығыс және орталық аймақтарға әсер етеді.

Синоптиктердің болжамынша, 22 мамырда солтүстік облыстарда, ал 23 мамырда шығыс және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді.

«Жекелеген аудандарда 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз ауа райы 10-15 градус шамасында ғана болады», – делінген синоптиктердің болжамында.