Оралда 9-сынып оқушысы суға батып кетті

Автор: Асыл Арман

Бір апта ішінде екінші жасөспірім суға батып кетті

Фото: «Мой город»

Орал қаласында 9-сынып оқушысының денесі каналдан шығарылды. Қайғылы оқиға 18 мамыр күні кешке Круглоозерное кентінде болған. Жасөспірім белгіленбеген жерде суға түскен. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО бойынша ТЖД мәліметінше, құтқарушылардың пультіне шақырту сағат 19:30-да түскен. Көшім каналындағы оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері дереу аттанды. Іздестіру жұмысына жедел-құтқару жасағының күштері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар, төтенше жағдайларды жою және азаматтық қорғаныс басқармаларының қызметкерлері жұмылдырылды.

Бір сағаттық іздестіруден кейін суға кеткен баланың денесі табылды.

Сағат 20:32-де құтқарушылар судан тоғызыншы сынып оқушысының денесін шығарды. Жасөспірім шомылуға жабдықталмаған жерде суға түсемін деп көз жұмды

Айта кетейік, соңғы бір апта ішінде аймақта екінші жасөспірім суға ағып кетті. Осыған дейін Шаған өзеніне қыз бала батып кеткен.