Бір-бірімен азғындық жасауға мәжбүрлеген: киімсіз үш ер адамның видеосы жұртты шошытты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиғаның 2024 жылы болғаны анықталды

Фото: Видеодан скрин

Желіде бірнеше ер адам есірткі таратқан үш адамды қолға түсіріп, оларға азғындық әрекет жасатқан. Оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бейнеленген үш ер адам анықталып, полиция бөліміне жеткізді.

Олардың айтуынша, видео 2024 жылы түсірілген. Бұл ретте олар бұған дейін полицияға арызбен жүгінбеген.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», – делінген Алматы облысының Полиция департаментінің түсініктемесінде.