Қақтығыс аймағынан 14 мыңнан астам адам эвакуацияланған
Үкімет Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау үшін шамамен 4 млн доллар жұмсады. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, қақтығыс аймағынан 14 мыңнан астам адам эвакуацияланған.
«Өздеріңіз білесіздер, ол жақта болған жолаушылардың бір бөлігі әуе компанияларынан кері билет сатып алған, яғни олардың қызмет ақысының бір бөлігі алдын ала төленген болатын. Соған сәйкес, біз белгілі бір бөлігін қосымша қаржыландырдық, сақтандыру тәуекелдерін өтедік. Сонымен қатар азаматтардың бір бөлігін Дубай қаласынан жағдай тұрақтырақ болған көрші елдерге жеткізуіміз қажет болды», – деді министр.