19.05.2026, 13:59
Жаңалықтар
Қарағандыда есірткі таратып жүрген ер адам «жұмыс үстінде» ұсталды
Одан 20 грамнан асатын «A-PVP» психотроптық заты салынған 20 орама тәркіленді
Фото: Қарағанды облысы ПД
Қарағанды облысында полиция қызметкерлері есірткі таратып жүрген 43 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Күдікті есірткіге мас күйінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тінту кезінде одан 20 грамнан асатын «A-PVP» психотроптық заты салынған 20 орама тәркіленді. Планшетінен кураторымен хат алмасқаны анықталды.
Ұсталған азаматтың бұрын да осыған ұқсас қылмысы үшін өтелмеген соттылығы бар. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жүріп жатыр.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
