Қазақстанның әуежайлары биометриялық тексеру функциясын іске қосқан

Автор: Аягөз Құрмаш

Астанадан Шымкентке ұшатын тұрғындар оны бірінші қоданады

Фото: © freepik.com

Қазақстанда авиасала цифрландырылып, ішкі рейстерге биометриялық бақылау мен аэротакси жүйесі енгізіле бастайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан қалалық аэротакси және азаматтық авиация инфрақұрылымын цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға кіріседі. Қалалық аэротакси жобасы аясында отандық компаниялар пилотсыз сынақ ұшақтарын сатып алып, қону алаңдары мен арнайы операциялық орталықтардың құрылысын бастап кеткен. Жоба болашақта қала ішіндегі әуе тасымалын дамытуға бағытталған.

«Еліміз әуежайларында Q-Gate цифрлық жүйесі кеңейтіп жатыр. Бұл технология жолаушыларды тексеру уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Биыл Астана мен Алматы әуежайларындағы 16 терминалға, қосымша Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларында тағы 16 терминал іске қосылады. Келесі кезеңде Астана – Шымкент бағыты бойынша ішкі рейстерде биометриялық сәйкестендірудің пилоттық жобасы басталады», - деді министр.

Цифрлық жаңғырту жүк тасымалы саласын да қамтиды. E-Freight ақпараттық жүйесі арқылы авиажүк рәсімдеу толық электронды форматқа көшіріліп, өңдеу уақыты бір күннен бір сағатқа дейін қысқарады.