19 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Автор: Алмас Ерсін

Синоптиктер сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: Әсет Құндақбаев

Синоптиктер 19 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астана қаласында күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +22…+24°C.

Алматы қаласында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.

Шымкент қаласында күн ала бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта екпінді жел мен нөсер жаңбыр күтіледі. Түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C.

Ақтау қаласында күн ала бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады, тұман түсуі мүмкін. Түнде +13…+15°C, күндіз +18…+20°C.

Ақтөбе қаласында жауын-шашын болмайды. Күндіз екпінді жел соғады. Түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.

Атырау қаласында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз шаңды дауыл көтеріліп, жел күшейеді. Түнде +19…+21°C, күндіз +28…+30°C.

Жезқазған қаласында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні күшейеді. Түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.

Қарағанды қаласында жауын-шашын күтілмейді. Түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.

Көкшетау қаласында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10°C, күндіз +25…+27°C.

Қонаев қаласында жауын-шашын болмайды. Кей уақытта жел күшейеді. Түнде +10…+12°C, күндіз +24…+26°C.

Қостанай қаласында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.

Қызылорда қаласында күн бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл көтеріледі. Жел екпіні күшейеді. Түнде +19…+21°C, күндіз +25…+27°C.

Павлодар қаласында жауын-шашын болмайды. Түнде +1…+3°C, күндіз +18…+20°C.

Петропавл қаласында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10°C, күндіз +26…+28°C.

Семей қаласында жауын-шашын күтілмейді. Түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C.

Талдықорған қаласында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел күшейеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C.

Тараз қаласында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде +15…+17°C, күндіз +20…+22°C.

Түркістан қаласында кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Түнде +21…+23°C, күндіз +26…+28°C.

Орал қаласында жауын-шашын болмайды. Күндіз екпінді жел соғады. Түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.

Өскемен қаласында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C.