Дастан Сәтбаевтың «Челсиге» қашан кететіні белгілі болды

Автор: Асыл Арман

Отандасымыздың «Қайраттағы» соңғы ойыны белгілі болды

Фото: Instagram/ d.satpayev

«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың «Челсиге» қашан кететіні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қызылжарға» қарсы 17 маусым күнгі ойын Дастан Сәтбаевтың «Қайрат» сапындағы соңғы матч болады. Осыдан кейін отандасымыз карьерасының келесі кезеңі – Англияның «Челси» командасына ауысады.

Дастан Сәтбаев «Челси» сапына 1 шілде күні ресми түрде ауысады. Дәл осы күні ағылшын командасының жаңа бас бапкері Хаби Алонсо ресми түрде жұмысына кірісіп, жаңадан келетін жас футболшылармен жаттығуын бастайды.

Айта кетейік, Хаби Алонсо «Реалдың» бас бапкері болып тұрған тұста, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Алматыда «Қайратқа» қарсы ойнап, Дастан Сәтбаевтың өнерін көрген.