Астанада екі қабатты коттедж өртеніп кетті

Автор: Асыл Арман

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды толықтай сөндірді

Фото: ҚР ТЖМ

Астана қаласында екі қабатты коттедж қорасымен бірге өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ғимарат Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Жайылма көшесінде орналасқан. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте от алаулап жанып, өршіп кеткен.

«Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. ТЖД күштері мен құралдары өрттің жоғарғы дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Сумен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, өртті сөндіруге бірнеше су оқпаны берілді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ.