Қазір ел бойынша 100-ден астам бала ауруханаларда пневмониядан емделіп жатыр
Қазақстанда дәл қазір 8 мыңға жуық адам ауруханаларда пневмониядан ем алып жатыр. Олардың арасында 100-ден астам бала бар. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы мәлім етті.
Ажар Ғиниятқызы сондай-ақ, балалар арасында COVID-2019 вирусынан балалардың өлім-жітімі тіркелмеді деп сүйіншіледі.
«Қазір ел ауруханаларында 8 мыңға жуық адам пневмониямен ауырып жатыр. Ал мамыр айынан бастап 1 мыңнан астам бала ауырды. Қазір 100-ден астам бала ауруханаларда. Бірақ, балалар коронавирустың өте жеңіл түрімен ауырады. Елімізде коронавирустан балалар өлім-жітімі болған жоқ», - деді Ғиниятқызы.