$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2020, 10:53
Жаңалықтар

Шымкентте заңсыз дәрі-дәрмек сатқандар анықталып, 12 қылмыстық іс қозғалды

Қалада көтерме дәрі-дәрмек сатумен айналысатын 560 дәріхана жұмыс істейді

Шымкентте заңсыз дәрі-дәрмек сатқандар анықталып, 12 қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қаласында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 4 мониторингтік топ құрылып, 348 дәріханада тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, 50 заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқандар анықталып. 12 қылмыстық іс бойынша тергеу басталған. Бұл жайында Үкімет отырысындағы баяндамасында қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

«Қалада көтерме дәрі-дәрмек сатумен айналысатын 10 ірі фармкомпания және 560 дәріхана жұмыс істейді. Бір жолғы рұқсатпен шет мемлекеттерден дәрі-дәрмек алып келуге 10 фармкомпанияға рұқсат берілді. 6 фармкомпаниямен ( «Зерде» ЖШС, «Ақниет» ЖШС, «Аптека №5» ЖШС, «Мега Фарм Плюс» ЖШС, «Койбагаров» ЖК және «НурМедЛтд» ЖШС) бір ұшақпен, 10 фура жүк көлігімен Үндістаннан, Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан 2 млн 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрілер және 16 млн 700 мың маска жеткізілді», - деді ол жиналыста.

Оның сөзінше, қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталған. Айта кетейік, Шымкентте коронавирус анықталған азаматтар саны 4453 адамға жетіп, 31 адам қайтыс болған.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары