Уттар-Прадеш штатындағы табиғи апат салдарынан көптеген адам қаза тапқан
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты.
«Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.