Тарихи сәт: Дональд Трамп тоғыз жылдан кейін Қытайға келді (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Екі елдің көшсбасшылары келіссөздер өткізді

Фото: Kenny Holston/Pool The New York Times/dpa/picture alliance

Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Бейжіңдегі Халық мәжіліс сарайында келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл Трамптың Қытайға соңғы тоғыз жылдағы алғашқы сапары. Трамп бұл сапарды өзі үшін үлкен құрмет деп атап, екі елдің «тамаша болашағы» болатынына үміт білдірді және Си Цзиньпинді «ұлы көшбасшы» деп атады.

Өз кезегінде Қытай төрағасы 2026 жыл АҚШ пен Қытай арасындағы қатынастар үшін тарихи әрі маңызды жыл болуы тиіс екенін айтты.

Ол Қытай мен АҚШ арасындағы сауда келіссөздерінде бірқатар нәтиже бар екенін растады, Бейжің Вашингтонмен қатынастарға дұрыс бағыт беруді қалайтынын жеткізді және екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың негізі өзара тиімділік болуы керектігін атап өтті.

Сондай-ақ ол АҚШ пен Қытай арасындағы текетірес екі жаққа да зиян келтіретінін айтып, екі ел бәсекелес емес, серіктес болуы керек екенін жеткізді.

Трамп та АҚШ Қытаймен сауданы өзара теңдік принципі негізінде жүргізуге ниетті екенін мәлімдеді.