БҚО-да полиция қызметкерлері қорқытып ақша талап ету дерегінің жолын кесті
БҚО-да Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ер адамнан ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам жеке фотосуреттерді таратамын деп қорқытып, ақпаратты жарияламау үшін 500 мың теңге талап еткен.
«Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақша мен заңға қайшы әрекеттердің дәлелі бар телефон тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.