Бірқатар өңірде үсік сақталады
14 мамырда Қазақстанның 11 өңірінде синоптиктер дауылды ескерту жариялады. Кей облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі, үсік сақталады және жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз батыс пен солтүстікте секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде шығысында 1 градус үсік жүреді. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең шығыс пен оңтүстікте тұман түседі. Солтүстік-шығыс желі шығыс, батыс және оңтүстікте күндіз секундына 18 метрге дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градус үсік сақталады. Батыс, оңтүстік және шығысында өрт қаупі жоғары. Павлодар қаласында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады. Өрт қаупі де жоғары деңгейде сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде солтүстік пен шығыста 1 градус үсік күтіледі. Батыс, солтүстік және оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында да түнде және таңертең тұман болады. Өрт қаупі жоғары.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыс және шығыс желі соғады. Күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Облыс аумағында және Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, күндіз солтүстік пен шығыста кей уақытта қатты жауын-шашын болады. Түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз батыс, солтүстік және оңтүстікте секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде солтүстік пен шығыста 3 градус үсік сақталады. Облыстың орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде. Өскеменде күндіз солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыс желі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде таулы аудандарда 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығы, оңтүстігі және солтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады. Шығыстан соғатын жел түнде шығысында, күндіз облыс аумағында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, ал шығысында екпіні секундына 23 метрге жетеді. Солтүстік пен орталықта жоғары өрт қаупі, ал оңтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыс желінің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыс желі күндіз батыс, оңтүстік және солтүстікте секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыс желі күндіз оңтүстік, шығыс және солтүстікте секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау қаласында да шаңды дауыл болады. Жел екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.