Маусымдық сұраныстың артуына байланысты жазда қосымша 15 теміржол бағыты ашылады
ҚТЖ биыл жаз мезгілінде шамамен 4,2 млн жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Оның ішінде 230 мыңға жуық жолаушы Алакөл көлі курорттық аймағына қатынауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маусымдық сұраныстың артуына байланысты жазғы кезеңде ҚТЖ қосымша 15 теміржол бағытын ашады. Алакөл бағытына пойыздар еліміздің ірі қалаларынан, оның ішінде Астана, Алматы, Семей, Өскемен, Қызылорда және Павлодар қалаларынан қатынайды.
Қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар мына бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
«Жазғы маусымда жолаушылар тасымалына сұраныс жыл сайын артады. Әсіресе курорттық аймақтар мен ірі қалаларға қатынайтын бағыттарға қызығушылық жоғары. Осы кезеңде жолаушыларға қызмет көрсету үшін 2 мыңнан астам вагон, оның ішінде стандартты вагондар, «Тальго» құрамдары және электр пойыздары пайдаланылады. Вагондардың 86 пайызы кондиционер жүйесімен жабдықталған. Барлық жылжымалы құрам жазғы тасымалға алдын ала дайындалып, техникалық тексеруден және санитариялық өңдеуден өтті», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Дияр Нүсіпқожанов.