Қызылжар тұрғыны 241 гектар шұрайлы жерінен айырылып қалды

Автор: Асыл Арман

Жердің кадастрлық құны – 328,2 млн теңге

Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

СҚО-ның Қызылжар ауданының жер пайдаланушысы кодекс талаптарына қайшы, ұзақ уақыт бойы жалпы ауданы 241 га су қорының жер учаскесін пайдаланбаған. Осыған байланысты прокурорлар жерді мемлекет меншігіне қайтарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 328,2 млн теңге болатын су қорының аталған жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды, кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекеттің бұзылған мүдделері қалпына келтірілді және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы қамтамасыз етілді.

Қадағалау органы заңдылықты қамтамасыз ету және жер қатынастары саласындағы бұзушылықтардың алдын алубойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.