Үсік жүреді: ертең ШҚО-да 6 градус суық болады

Автор: Асыл Арман

Аймақта ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысында 13 мамыр күні 6 градус суық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, аймақта ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Алдағы түні облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын – жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Сондай-ақ ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп болжанып отыр.