Қазақстандықтардың көбі үйіне фильтр орнатуға мәжбүр
Үкіметтегі брифингте су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров елдегі ауыз су сапасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Вице-министр Қазақстандағы сумен жабдықтау сапасына қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, осындай пікір білдірген. Дәлірек айтсақ, журналистер Қазақстандағы ауыз судың сапасы қандай екенін, көпшілік суды тазарту үшін фильтр орнататынын айтып, сұрақ қойған. Алдамжаров алдымен бұл мәселе Су ресурстары емес, Өнеркәсіп министрлігіне қарасты екенін айтты. Ал «өзіңіз суды қайдан тұтынасыз» деген сұраққа қысқа жауап берді.
«Мен өзім суды краннан ішемін», – деді Нұрлан Алдамжаров.
Сонымен қатар, елорда мен басқа да қалаларда суды сүзгіден өткізетін автоматтар кең таралған. Көп тұрғындар үй жағдайында да су сүзгілерін орнатып қолданады. Дегенмен, бір бөлігі әлі күнге дейін бөтелкедегі ауыз суды сатып алып ішуді жөн көреді.